Астанада антитеррорлық оқу-жаттығу өтпек

Астанада антитеррорлық оқу-жаттығу өтпек

ашық дереккөзі

  Осы жылдың 27-28 шілде күндері елордада ҚР Терроризмге қарсы орталығының бастамасымен терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб жоспарлы түрдегі оқу-жаттығу өткізуді жоспарлауда – деп хабарлайды newsroom.kz порталы. Іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының Террористік әрекеттерге шұғыл ден қою жөніндегі міндеттерді орындауға дайындығын тексеру. Жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысы бойынша шектеу шараларын да енгізу көзделуде. Оқу әр түрлі қиындық элементтері бар нақты жауынгерлік жағдайларға мүмкіндігінше ұқсас. «Осыған байланысты, азаматтарды өткізілетін оқу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік органдардың жұмылдырылған қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға, ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және халық арасында жалған ақпарат таратуға жол бермеуге шақырамыз» делінген жедел хабарламада.

Жүктелуде...