Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
28 тамыз, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

ҚР-да фармацевтикалық өнім бір жылда 11% қымбаттады

ҚР-да фармацевтикалық өнім бір жылда 11% қымбаттады

ҚР-да фармацевтикалық өнім бір жылда 11% қымбаттады
ашық дереккөзі
Дәрі-дәрмек нарығы импорттаушыларға тиесілі, деп хабарлайды newsroom.kz.   Биыл шілдеде фармацевтикалық өнімдер бір айда 0,2%, бір жылда 10,8% қымбаттады. Ай сайынғы динамика бойынша бағаның ең көп өсімі Павлодар облысында байқалды: 1,2%. Олардан кейін Ұлытау (бір айда 0,7%), Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу және Қостанай (өңірлердің әрқайсысында 0,6%) облыстары. Атырау және Ақмола облыстарында баға бұрынғы деңгейде қалды. Түркістан, Қарағанды және Алматы облыстарында керісінше, сәл төмендеді: тиісінше 0,4%, 0,3% және 0,1%. Жылдық динамикада ең қатты қымбаттаған өңір Алматы: бір жылда бірден 18%. Одан кейін Ұлытау (15,4%) және Қызылорда (14,9%) облыстары. Ең аз қымбаттаған өңір Жетісу облысы: 5,9%.     Ай сайынғы динамика бойынша фармацевтикалық өнімдердің ішінде парацетамол 2,4%, «Эссенциале форте Н» — 1,6%, «Фенистил Нью» тамшысы — 1,3%, «Энап» — 0,9%, белсендірілген көмір — 0,7% қымбаттады. Ацикловир (0,7%), азитромицин және «Ингавирин» (0,6%), «Смекта» (0,5%), «Корвалол» (0,4%), «Ренни», «Аквалор Форте» спрейі (0,3%), «Йодомарин» және ацетилсалицил қышқылы (0,2%), «Нурофен» (0,1%) да қымбаттады. Жылдық динамикада парацетамол (58,2%), йод ерітіндісі (29,9%), «Аквалор Форте» спрейі (28,3%), амброксол (21,5%), ацетилсалицил қышқылы (18%), белсендірілген көмір (17,8%), ацикловир (16,5%) қымбаттады. Осы ретте Астанада тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға арнайы құқық субъектісі ретінде бірыңғай дистрибьютордың үстеме ставкасының жобасын талқылау бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz. «СК-Фармация» өз маржасын 11,2% арттырғысы келеді. Мамандандырылған қауымдастық өкілдері өсімге не себеп болатынын түсінбейміз дейді.     Жалпы, Қазақстан өзін фармацевтикалық өнімдермен айтарлықтай төмен деңгейде қамтамасыз етеді. Мысалы, биыл қаңтар–маусым айларының қорытындысы бойынша, провитаминдерге, витаминдерге және олардың туындыларына сұраныс (ішкі нарықта сату және болмашы экспорт) елеусіз аз ғана 0,02% меншікті өндіріс есебінен қамтамасыз етілді. Осы кезеңде елімізде 43 кило ғана дәрумен өндірілді, дегенмен бұл былтырғыдан 48,3% көп. Салыстыру үшін: импорт 173,2 тонна (бір жылда 10,4% көбейген). Антибиотиктерге деген сұраныс жақсы қамтамасыз етілген, бірақ 38,2% ғана. Антибиотиктерді өндіру 7,8 тоннаға жетіп, былтырғыдан 11,2% көбейді. Бұл ретте импорт 12,7 тонна болды, 50,7% азайған. Тиісінше, импорттың үлесі ресурстардың 61,8%-ын құрады. Ішкі нарықта 20,4 тонна антибиотик сатылды, бұл былтырғыдан 38% аз (коронавирус пандемиясы деңгейінің төмендеуіне байланысты).     Биыл бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша, Қазақстанға 694,2 млн АҚШ доллары сомасында 13,9 мың тонна дәрі-дәрмек импортталды. Физикалық мәнде өсім 11,9%, ақшалай керісінше 3,7% төмендеді. ТМД елдерінен Қазақстанға 4 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді, бұл былтырғыдан 3,8% аз. Барлық дәрі-дәрмектің басым бөлігі Ресейден әкелінді: 40,9 млн АҚШ долларына 2,9 мың тонна. Беларусь пен Украинадан да айтарлықтай көлемде дәрі-дәрмек импортталады: тиісінше 609,9 және 413,3 тонна. ТМД-ға кірмейтін басқа мемлекеттерден импорт көлемі 9,9 мың тонна, былтырғыдан 19,9% артық. Үздік үштікке Қытай (2,2 мың тонна), Германия (1,3 мың тонна) және Үндістан (1,2 мың тонна) кірді.