Пандемия кезінде №2 қалалық көпбейінді аурухана
алғашқылардың бірі болып Covid-19-ға қарсы күресте орасан зор жауапкершілікті өз мойнына алды, сол кездегі бас дәрігер Иван Ивановичтің бастамасымен Covid-19-ға алғашқы мобильді талдау пункттері ұйымдастырылды. Сондай-ақ оның талантты басшылығымен елімізде алғаш рет 2018 жылдың қыркүйек - қараша айларында екі ірі стационарды: № 2 қалалық аурухананы Астана қаласының №1 перинаталдық орталығымен біріктіру рәсімі сәтті жүзеге асырылған еді.
№ 2 ҚКА бас дәрігері Нұрбол Тұрсынбаев Иван Ивановичті еске алуға қатысқан адамдардың санының көптігін және осы клиниканың жұмысына сіңген ерен еңбегін ерекше атап өтті. Иван Ивановичтің өзі медициналық мансабын ең төменгі деңгейден, санитар қызметінен бастаған. Оның басшылығымен аурухана алғашқылардың бірі болып алдыңғы қатарда күрескен, пандемияда адамдардың өміріне алаңдап жүріп, өзі өмірден озды.
Бұл мемориалдық тақта дәрігерге деген зор құрметтің бір бөлігі ғана, шексіз ризашылығымызды толықтай жеткізу мүмкін емес деген әріптестері білікті дәрігер, кәсіби әріптестерінің өмірлерінде із қалдырған кейбір сәттерін еске алды. NEWSROOM AQPARAT