Ақша айырбастау орындарында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсіп жатыр, - деп
newsroom.kz хабарлайды
Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде сағат 08:30-дағы жағдай бойынша долларды сатудың орташа бағамы 463,30 теңге, сатып алу – 459,62 теңге. Еуроны сату бағамы - 502,01 теңге, сатып алу – 497,92 теңге. Ресей рублін 4,73-4,89 теңгеге сатып алуға болады.
Астананың ақша айырбастау пункттерінде доллардың орташа сату бағамы - 464,22 теңге, сатып алу – 459,89 теңге. Еуро 500,90 теңгеге сатылса, 495,35 теңгеге сатып алынады. Рубль 4,88 теңгеге сатылып, 4,75 теңгеге сатып алынады.
Валюталардың 26-28 тамыздағы ресми бағамы:
- USD - 460,17 теңге;
- RUB - 4,89 теңге;
- EUR - 496,48 теңге.