Ақтөбе «Кеңсай» сияқты. Қалада ескерткіш қою науқандық шараға айналып барады. Иә, шаһарда ескерткіш қаптап кеткен екен - деп
newsroom.kz жазды танымал тележүргізуші Азамат Әбілхайыр өзінің
фейсбук парақшасына сілтеме жасап.
"Қала Кеше барып-қайтқанда аңғардым. Солардың бірі - Жалаңтөс батырдың ескерткіші. Жұмсалған қаржы көлемі – 110,0 миллион теңге. Аталған ескерткіш «Жалаңтөс баһадүр Сейітқұлұлы» қайырымдылық қорының қаржысына салынған. «Мемлекеттің қаржысы кеткен жоқ қой. Не басыңды қатырасың?» дерсіз. Міне, мәселе осы жерде. Қазір ел сауатты, көзі ашық. Қор дегендердің біршамасы мемлекетке арқа сүйеп күн көріп отырмыз. Тіпті болмаса ИП не ТОО арқыры ақша шығарып алу да қиын емес." дейді ол.
"Мысалы, мына суреттегі Жалаңтөс батырдың ескерткіші де орта деңгейдегі жұмыс. Маған десе руласың болмақ түгілі, әкең болса да айтарым осы. Меніңше, тариха тұлғаның ескерткіші оқиғаның сипатын аңғартып, өз заманынан хабар беріп, былайша айтқанда «сөйлеп» тұру керек. Ал Ақтөбедегі ескерткіштердің дені қандай? Сол астында жемге тойып, мөңкіген бір аты, қолында найзасы, басында дулығасы бар батырбайлар кіл. Бітті.
Жарайды, осынша қаржыны демеушілер жинаған шығар. Бірақ бар ғой, батыр бабаң сенікі болса да қаланың қақ ортасындағы жер сенікі емес. Сен бай шығарсың, бір емес он ескерткіш тұрғызуға шамаң жететін шығар. Дегенмен, қаланың келбеті, сәулеті деген бар. Алайда Ақтөбедегі ескерткіштерде бір сарындылық пен бірін-бірі қайталаушылық бар. Егер, сол ескерткіш тарихи тұлғағаның образын шынымен де аша алатындай деңгейде болса әңгіме басқа.
Оның үстіне Ақтөбеде тас мүсінмен құрмет көрсету белгілі бір рулардың бақталастығына айналып кеткен." - деген оның жазбасы желіде қызу талқылануда.
Сурет «Ақтөбе» газетінен алдынды.