Қазақстандықтар әкімдердің, министрлердің, депутаттар мен өзге де шенеуніктердің айлығын 85 мың теңгеге дейін төмендетуді ұсынды, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Осындай бастамамен арнайы
петицияға қол қойып жатыр.
Олар адам айына 85 мың теңгеге өмір сүре алады деп сендіреді. Егер өздері 85 мың теңгеге өмір сүре алса, онда оларға жоғары айлық төлеудің не қажеті бар, – дейді петиция авторлары.
Ұйымдастырушылар үнемделген қаржыны азаматтардың керек-жарағына жұмсау керек деп отыр. Бұл ұсынысты қазірдің өзінде 3,5 мың адам қолдаған.
Естеріңізде болса, еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев кітапхана қызметкерлерімен кездесу барысында 85 мың теңге адамның өмір сүруіне жетеді
деген болатын. Көп ұзамай бұған қаржы министрі
пікір білдірді.