Іс-шара барысында Самат Жылқыбаев ҚР Мәдениет және Спорт министрі Асхат Ораловтың, қала әкімінің орынбасары Есет Байкеннің алғыс хатын, «Үздік спорт қызметкері», «Спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісін спорт саласында қажырлы еңбек еткен жандарға табыстады. Сондай-ақ, басқарма басшысы биыл маусым айында Грузияның Батуми қаласында шахматтан өткен әлем чемпионатында топ жарып, 12 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанған Алтынбек Айаруды жеңісімен құттықтады. Көк туымызды желбіретіп, әнұранымызды шырқатқан жерлесімізге құрмет көрсетіліп, басқарма тарапынан велосипед сыйға берілді. Мерекенің соңында қатысушылар арасында лоторея ойнатылып, арнайы сыйлықтар табысталып, тегін палау, шай беріледі.