Америкада оқығанның бір қызық тұсы бар - стипендияға қарап отыра алмай көрінген жұмысты істейсің. Сондай бір жұмысымыз қызмет көрсету саласына жатады (не істейтінімізді нақтыламай-ақ қояйын, бірақ интим емес әйтеуір). "Қызметті" жұрттың үйіне барып көрсетеміз.
Содан бір күні үш қазақ бір клиенттің үйінде жұмыс істеп жүрміз. Әлгі үшеуміз де қазақ тілдіміз (қандай бақыт десеңізші), сәйкесінше қазақша сөйлесіп жүрміз. Шамалыдан соң клиент, ұлты фелиппин келіншек келіп, "Жігіттер, сендер қазақша сөйлесіп жүрсіңдер ма?", - дейді.
" Ойбай, иә! Оны қайдан білдің? ", - дейміз біз аңтарылып. Сөйтсек, жаңағы келіншек Димаштың фанаты екен. Димаштың өлеңдерін тыңдап, қазақша сөздерді үйренген. Үйренгені сонша, біздің қазақша сөйлесіп жүргенімізді ұғып тұр!
Димашты жеке танымасақ та, төбеміз көкке жете қуандық. Мен оған бір қаладан екенімді, әке-шешесін жақсы танитынымды айтқанда әлгі келіншек маған біртүрлі ғашық көзбен қарай бастағандай болып көрінді тіпті (ладно, бұл жері өтіріктеу болып кетті).
Димаш қазақты әлемге танытты деген тіркес қазір калька болып кетті ғой. Бірақ осы жолы соған кәдімгідей куә болдық. Айдаладағы біреу қазақты, тілімізді, түрімізді танып тұр. Қалай ырза болмайсың?!
Маладес, Димаш! Өсе бер!
Маралбек Сағынғановтың фейсбук парақшасынан алынды