weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
11 сәуір, 2026 / Перизат Ілес / Экология
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Eco Almaty қызметкерлері 25 текше метрден астам қоқыс шығарды

Алматы қаласының Жетісу ауданында «Eco Almaty» ЖШС қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысты,— деп хабарлайды newsroom.kz

Eco Almaty қызметкерлері 25 текше метрден астам қоқыс шығарды

Жұмыстар Райымбек даңғылы мен Аэродромная көшесінің қиылысында, Есентай өзенінің арнасы бойында жүргізілді.

Іс-шараға компанияның 80 қызметкері қатысты. Сенбілік барысында аумақ санитарлық тазалаудан өтіп, қоқыс жиналып шығарылды, іргелес аумақтар ретке келтірілді.

Жұмыс қорытындысы бойынша 25 текше метрден астам қалдық шығарылды.

Мұндай іс-шаралар қалалық ортаның тазалығын сақтауға және аумақтардың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→