Оқиғаға қатысты Ақтау қалалық білім бөлімі пікір білдірді, деп
newsroom.kz хабарлайды
inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
"Үш жасар балабақша тәрбиеленушісі басқа балалардың әрекетінен зардап шеккені анықталды. Сонымен бірге тәрбиешінің көмекшісі жағдайға мән бермеген, педагогтің өзі де шара қолданбаған. Балабақша меңгерушісі ұжымға ескерту жасады. Нәтижесінде, тәрбиеші өз еркімен жұмыстан босап, ата-анасы баланы балабақшадан алып кетуге шешім қабылдады. Ата-ана мен тәрбиеші арасындағы кикілжің әлі де жалғасуда. Бұл жағдайға қатысты ақпаратты балабақша меңгерушісі айтты. Айта кетейік, жекеменшік балабақшалардағы тексерулерге мораторий жарияланғандықтан, Ақтау қалалық білім бөлімі тексеріс жұмыстарын жүргізе алмай отыр. Ата-аналар құзырлы органдарға хабарласа алады", - делінген хабарламада.