Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
18 тамыз, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Астанада 10 мыңнан астам оқушы орыс тілін таңдаған. Танымал педагог білім басқармасын кінәлады

Астанада 10 мыңнан астам оқушы орыс тілін таңдаған. Танымал педагог білім басқармасын кінәлады

Астанада 10 мыңнан астам оқушы орыс тілін таңдаған. Танымал педагог білім басқармасын кінәлады
ашық дереккөзі

Белгілі педагог, қоғам белсендісі Аятжан Ахметжанұлы Астана қаласы білім басқармасының жұмысын сынады. Ол биыл 1-сыныпқа баратын оқушылардың 10 мыңнан астамы орыс тілінде білім алатынына наразылығын білдірді, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Елорданың жалпы білім беретін мектептеріндегі бірінші сыныптарға құжаттарды қабылдау осы жылдың 1 сәуірінде басталды. Білім беру мекемелері 26 650 бірінші сынып оқушысын қабылдады: 15 929 қазақ тілінде, 10 571 орыс тілінде.

Егер мемлекеттік идеология болса! Егер білім басқармасының жұмыс бағыты дұрыс болса Мектеп әкімшілігінің ниеті болса! Ана 10 571 баланың кемінде жартысын қазақ сыныбына бұруға болар еді, - деп жазды Аятжан Ахметжанұлы.

Оның айтуынша, қабылдау комиссиялары қазақ сыныбында орын жоқ екенін айтып, балалардың ата-анасын орыс сыныбына беруге үгіттейді.

Ойбай, ата-ана таңдауы дейді, бұның бәрі ата-ана таңдауы емес, бұның бәрі сапасыз жұмыс көрнісі! Бас қалада Астанада 40% бала әлі орыс сыныбына баруы ол сұмдық! Сол балалардың 90% ы таза қазақтың баласы!, - деп жазды педагог.

Ол министрлік керісінше осындайлармен жұмыс істеудің, бағыттаудың орнына осы бағытта жұмыс істеп жүрген санаулы адамдарды жұмыстан босатуға тапсырма беретінін айтып, қынжылды.

Енді тірліктері мынау! Әй, өзі біз ел боламыз ба? Ұлт боламыз ба? Жұтылып жоғаламыз ба? Менің ұлттық мектеп деп жүгіруім де далбаса секілдене береді жүйенің осындай шала тірліктерін көргенде..., - деп жазды Аятжан Ахметжанұлы.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Астана мектептеріндегі оқушылардың жалпы саны – 255 мың.

Сондай-ақ жақында орыс тілді сыныптармен қоштасқан Ұлытау облысындағы жағдай туралы жазған едік. Биыл Ұлытау облысында таза орыс тілді мектептер жұмыс істемейді.