«AMANAT» партиясы 45 мыңнан астам балаға жаңа оқу жылына қажет жиынтықтар табыстайды

«AMANAT» партиясы 45 мыңнан астам балаға жаңа оқу жылына қажет жиынтықтар табыстайды

ашық дереккөзі

Игі дәстүр. «AMANAT» партиясы аз қамтылған отбасылардағы балаларды жаңа оқу жылына дайындауға көмектеседі, деп хабарлайды newsroom.kz. «AMANAT» партиясы жаңа оқу жылы қарсаңында «Баланы мектепке дайындайық!» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясын бастағанын хабарлайды. Игі дәстүрге айналған акция «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында осымен 13-ші мәрте өткізіліп отыр. Оның басты мақсаты – көпбалалы және аз қамтылған отбасылардағы балаларды жаңа оқу жылына дайындауға көмектесу. Акцияға партияның Орталық аппараты мен өңірлік филиалдарының қызметкерлері, партия депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері және ұрпақ болашағына бей-жай қарай алмайтын қарапайым азаматтар қатысады. Ел аумағындағы 45 мыңнан астам бала аманаттықтардан жаңа оқу жылына арналған жиынтықтар алады деп жоспарланып отыр. Яғни, оларға мектеп формасы, оқулықтар мен кеңсе тауарлары салынған рюкзактар ұсынылады.  width= Айта кетейік, «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында алдағы бес жылда партия кемінде 1,2 млн ыңғайлы оқушы орнын құруды, сондай-ақ үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер мәселесін толығымен шешуді көздейді. Жөндеуді және заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуді қоса алғанда, еліміздегі үш мың мектеп толықтай жетілдіруден өтеді. Былтыр аманаттықтар 23 мыңнан астам отбасындағы 42 мың оқушыны мектеп формасымен, рюкзактармен және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етті.

Жүктелуде...