Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
15 тамыз, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Заманауи экономикадағы халықаралық рейтингтік агенттіктердің рөлі

Заманауи экономикадағы халықаралық рейтингтік агенттіктердің рөлі

Заманауи экономикадағы халықаралық рейтингтік агенттіктердің рөлі
ашық дереккөзі
Халықаралық рейтингтік агенттіктер әртүрлі ұйымдардың несиелік қабілеті мен қаржылық тұрақтылығын бағалап, заманауи экономикада шешуші рөл атқарады. Әлемдегі ең беделді агенттіктер ретінде Fitch Ratings, Moody's және S&P Global Ratings агенттіктерін атауға болады. Олардың бағалауы қаржылық тұрақтылықты, ашықтықты, инвестициялық тартымдылықты және басқа да көрсеткіштерді көрсетеді. Бұл агенттіктердің рейтингтері сенімділіктің негізгі факторы. Қаржы институттарының және жалпы әлеуметтік бағыттағы компаниялардың рейтингтері ерекше маңызды. Жеке компаниялардан басқа, рейтингтер мемлекет қатысатын қаржы институттарына да беріледі, олардың ішінде ҚР-дағы «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдарын атауға болады, деп хабарлайды newsroom.kz. Жақында, биыл 11 шілдеде Fitch Ratings «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» (ҚТК) АҚ рейтингін «BBB» деңгейінде растады. Рейтинг болжамы — «Тұрақты». Рейтингті растау компанияның тұрғын үй құрылысының ірі операторы мәртебесін және оның тұрғын үй секторын шоғырландырудағы негізгі рөлін ескере отырып, агенттіктің ҚТК-нң Қазақстан үшін стратегиялық маңызды санайтынын көрсетеді. Жалпы, ҚТК рейтингі ҚР егемен рейтингімен бір деңгейде екенін ескерсек, жоғары саналады. Fitch компанияны ҚР-мен тікелей байланысты деп есептейді, өйткені ҚТК әлеуметтік маңызды миссияны орындайды және мемлекеттік саясатта маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ Fitch Ratings есебінде «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ мемлекеттік тұрғын үй секторында негізгі рөл атқаратыны және мемлекеттік саясаттың маңызды міндеті саналатын қолжетімді баспанамен қамтамасыз етумен айналысатыны атап өтілген. ҚТК тұрғын үй құрылыс компанияларына қаржылық қолдау, субсидия мен кепілдік беру арқылы тұрғын үй нарығындағы ұсынысты ынталандырады. ҚТК мәліметінше, 2022 жылы Қазақстанда жаңа тұрғын үйлердің шамамен 27%-ы компанияның қаржы құралдары арқылы салынған, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 25% көп.
Some Image
Салыстыру үшін елдегі басқа қаржы институттарының, атап айтқанда, екінші деңгейлі 10 үздік банктердің несиелік рейтингтерін қарастырайық. ҚТК рейтингі барлық дерлік банктерден озып кетеді. ҚР ЕДБ арасында ең жоғары рейтингті мына қаржы институттарында:
  • Отбасы банкі: Fitch Ratings — BBB / Тұрақты (21.02.23), Moody's — Baa2 / Тұрақты (12.04.22);
  • Halyk Bank: Fitch Ratings — ВВВ− / Тұрақты (23.04.20), Moody's — Ваа2 / Тұрақты (12.04.22), S&P Global Ratings — ВВ+ / Тұрақты (18.05.23).
Жалпы, ҚР ЕДБ халықаралық рейтингтік агенттіктердің жақсы рейтингтеріне ие.
Some Image
Fitch Ratings атап өткендей, ҚТК қызметі елдегі тұрғын үй құрылысының дамуына айтарлықтай әсер етеді. Және бұл өте өзекті. 2022 жылдың аяғында Қазақстанда жан басына шаққандағы орташа тұрғын үй алаңы шамамен 23,4 шаршы метрді құрады. Бұл халықаралық стандарттардан айтарлықтай төмен (кемінде 30 шаршы метр болуы керек). Тиісінше, компанияның жұмысы өте маңызды.
Some Image