Биыл 1 шілдедегі жағдай бойынша, ҚР ЕДБ депозиті шамамен 32 трлн теңгеге жетті. Көрсеткіш бір айда 1,9% көбейді. Елдегі 21 банктің 15-і өсім көрсетті, қалған 6 банкте төмендеді. Үздік 10 ЕДБ ішінде 7 банкте депозит көлемі көбейсе, 3-де төмендеді, деп хабарлайды newsroom.kz. Елдегі ірі банктер арасында депозит көлемінің ай сайынғы өсімі ең жоғары Bank RBK-да: бірден 9,1% (немесе 93,6 млрд теңгеге ұлғайған). Өсім корпоративтік (бір айда 12,8%) және бөлшек депозитте де (4%) байқалды. Банкте бизнес пен жеке тұлғаларға арналған өнімдердің кең ассортименті бар. Жеке тұлғаларға арналған мөлшерлемесі жоғары депозиттерінің ішінде Safe депозитін атауға болады. Ұлттық валютадағы ЖТСМ 17,2%-ға жетеді. Депозитті My RBK мобильді қосымшасы арқылы немесе банктің кез келген бөлімшесіне барып ашуға болады. Депозиттердің ай сайынғы өсімі бойынша ҚР-дағы үздік 10 ЕДБ арасында екінші орынды Kaspi Bank иеленді: 8% көбейген. Үздік үштіктегі Еуразиялық Банк депозиті 5% көбейді.
Жүктелуде...