Айта кетейік, 2023 жылдың қаңтар айында Астананы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көше жарнамасын орналастыруға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырған болатын. Жауапты міндет «Астана-Жарнама» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген. Осылайша, маңдайшаларды ғимараттардың немесе құрылыстардың қасбеттеріне орналастыру тұжырымдамасы бар. Онда бизнес өкілдеріне елорданың архитектуралық келбетін бір стильде жүзеге асырудың үлгісі көрсетілген.
Айта кету керек, елордада кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіледі. Нақтырақ тоқталар болсақ: жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру, кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, кредиттерге ішінара кепілдік беру, жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу және т.б.