Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
15 тамыз, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

ТМД ойындарында жүлде алған қазақстандық спортшылардың толық тізімі шықты

ТМД ойындарында жүлде алған қазақстандық спортшылардың толық тізімі шықты

ТМД ойындарында жүлде алған қазақстандық спортшылардың толық тізімі шықты
ашық дереккөзі
Беларусь елінде II ТМД мемлекеттерінің ойындары аяқталды, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. 10 күн бойы Беларусьтің Минск, Борисов, Брест, Витебск, Гомель, Гродно, Жлобин, Могилев, Молодечно, Орша және Солигорск секілді 11 қаласында 22 елдің командалары 20 спорт түрінен 246 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Қазақстан атынан 14 спорт түрінен (еркін күрес, әйелдер күресі, грек-рим күресі, баскетбол, дзюдо, жағажай волейболы, жеңіл атлетика, жүзу, карате WKF, көгалдағы хоккей, көркем гимнастика, қазіргі бессайыс, нысана көздеу, самбо) 150 спортшы қатысып, құрамамыз 53 медальмен (7 алтын, 14 күміс, 32 қола) жалпы есепте 5-орын иеленді. 1-орында Ресей (149 алтын, 89 күміс, 50 қола), 2-орында Беларусь (48 алтын, 78 күміс, 110 қола) тұр. Үздік үштікті Өзбекстан (28 алтын, 25 күміс, 53 қола) түйіндеді. Назарларыңызға Қазақстан спортшыларының ТМД елдерінің II ойындарында көрсеткен нәтижелерін ұсынамыз: Дзюдо: 2 күміс, 2 қола Күміс - Нұргелді Қанат, 60 келі Күміс - Командалық жарыс Қола - Сайын Алдияр, 90 келі Қола - Әлихан Назымханов, +90 келі Еркін күрес: 3 күміс, 3 қола Күміс - Ерасыл Мұхтарұлы, 57 келі Күміс - Арсен Умиржанов, 79 келі Күміс - Мақсат Сатыбалды, 86 келі Қола - Омархан Надиров, 125 келі Қола - Асылзат Сағымбай, 57 келі Қола - Анастасия Панасович, 76 келі Көркем гимнастика: 1 қола Командалық жарыс: Милана Парфилова, Эрика Жайлауова, Диана Меңдібаева, Кристина Чепульская, Жасмин Жүнісбаева, Аида Хәкімжанова, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова Жеңіл атлетика: 1 күміс, 6 қола Күміс - Дмитрий Спаский, 600 метрге жүгіру Қола - Ангелина Шрубянец, 60 метрге жүгіру Қола - Дмитрий Спаский, 2000 метрге жүгіру Қола - Алиса Исаева, ұзындыққа секіру (5, 32 м) Қола - Ангелина Шрубянец, 60 метрге кедергілермен жүгіру Қола - Андрей Ким, ұзындыққа секіру (5,97 м) Қола - Аралас эстафета 4х200 м Нысана көздеу: 2 қола Қола - ерлер құрамасы: 25 метрден тапаншадан тез ату Қола - қыздар құрамасы: 50 метрден шағын калибрлі винтовкадан ату Жүзу: 2 алтын, 5 күміс, 8 қола Алтын - Максим Сказобцов, 100 м баттерфляй Алтын - Егор Попов, 100 м арқамен жүзу Күміс - ерлер құрамасы, 4х100 м эстафета, еркін стиль Күміс - Дария Токтобаева, 200 м аралас жүзу Күміс – Ерлер құрамасы, 4х100 м аралас эстафета Күміс - Егор Попов 200 м, арқамен жүзу Күміс - Анастасия Ермакова, 400 м жекелей жүзу Қола - Анастасия Ермакова, 200 м аралас жүзу Қола - қыздар құрамасы, 4х100 м аралас эстафета Қола - қыздар құрамасы, 4х100 м эстафета, еркін стиль Қола - Нұрдавлят Әбжапаров, 50 м еркін әдіспен жүзу Қола – Қазақстан құрамасы, аралас эстафета, 4х100 м еркін стиль Қола - Максим Сказобцов, 100 м арқамен жүзу Қола - Дария Токтобаева, 200 м баттерфляй Қола - Қазақстан құрамасы, аралас эстафета, 4х100 м Қазіргі бессайыс: 1 күміс, 1 қола Күміс - қыздар құрамасы, эстафета Қола - ерлер құрамасы Карате: 3 алтын, 1 күміс Алтын - Лия Қошқарбаева ката Алтын - Николь Ценгель кумите, 61 келі Алтын - Лаура Аликул кумите, 68 келі Күміс - Әбілмансұр Батырғали, кумите 75 келі Самбо: 2 алтын, 1 күміс, 6 қола Алтын - Жасұлан Нариманов, 58 келі Алтын - Арнұр Қуатай, 71 келі Күміс - Арайлым Әбенова, +80 келі Қола - Еламан Қойшыбаев, 88 келі Қола - Айжан Жылқыбаева, 50 келі Қола - Шынар Абатова, 72 келі Қола - Гүлдана Әлмұханбетова, 54 келі Қола - Аружан Сатова, 65 келі Қола - Азман Алаева, 80 келі Көгалдағы хоккей: 2 қола - ерлер құрамасы, қыздар құрамасы Волейбол: 1 қола - қыздар құрамасы ТМД елдерінің III ойындары 2025 жылы Әзербайжанда өтеді.