Қазір Жамбыл облысындағы ағын су тапшылығынан шығынға батқан шаруалардың шағымы үлкен проблемаға айналды. Қырғызстаннан келетін су өңірдегі су қоймаларына жылдағыдан аз мөлшерде жіберілуі бір емес бес ауданның диқандарын күндіз күлкіден, түнгі ұйқыдан айырып отыр, - деп
newsroom.kz хабарлайды
Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Материалдың толық нұсқасын
МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Байзақ ауданы Мырзатай ауылдық округіне қарасты Сеңкібай ауылының тұрғындары каналдың суы Жамбыл ауданына бұрылып кетіп жатқанын жеткізді.
"Сеңкібай каналының суын екі ауданға бөліп беретін қақпалары бар. Байзақ ауданына бөлінетін жердегі қақпаға ешкім тимейді де, ұрылар Жамбылға су жіберетін қақпаны жиі ұрлап кетіп, су есепсіз Жамбыл ауданына кетеді екен. Бұл қалай? Ондағы шаруалар отбасын асырауы керек екен, біз ше? Біздің бала-шағамыздың несібесін кім ойлайды?" - дейді байзақтық диқан Әнуар Серікбаев.