Өзбекстанда блогер күйеуінің туған күніне тоқал сыйлады

Өзбекстанда блогер күйеуінің туған күніне тоқал сыйлады

ашық дереккөзі

Өзбекстанда жас келіншек өзінің жарына ерекше тарту жасады, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Әлеуметтік желіде тараған видеода блогер өзінің өмірлік жолдасына арнап романтикалық кешкі ас ұйымдастырған.   Блогер салтанатты залды жалға алып, ер азаматына ортада тұрған үлкен қорапты ашуды ұсынды. Ал қораптың ішінде оны тоқал күтіп тұрған. Блогер күйеуінің тоқалына той көйлегін де кигізіп қойған. Тіпті айтулы сәтті атап өту үшін отшашулар да ұйымдастырылған. Ал мұндай сыйлық күйеуінің көңілінен шыққан тәрізді. Өзбекстанда блогер күйеуінің туған күніне тоқал сыйлады Желіде тараған видео полицияның да назарына ілікті. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері видео авторларымен әңгімелесу жүргізіп, Өзбекстанда бірнеше әйел алуға заңмен тыйым салынғаны, тиісінше ол үшін Қылмыстық кодексте арнайы бап қарастырылғаны айтылған. Бұған дейін бірнеше әйел алған 38 ер адам жазаға тартылғанын жазғанбыз. Көп ұзамай блогердің өзі бұл әрекеті үшін кешірім сұрап, мұнысын күйеуіне жасалған пранк деп түсіндірді.

Жүктелуде...