17 жастағы жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті, - деп
newsroom.kz хабарлайды
Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
13 тамызда сағат 16:47-де құтқару тобына Жағалау көшесі бойында Жайық өзеніне үш адамның батып бара жатқаны туралы хабарлама түскен.
Суға батқандар 49 жастағы ер адам мен 12 және 17 жастағы екі жасөспірім. Құтқарушылар ересек адам мен 12 жастағы баланы судан алып шықты.
БҚО Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, 17 жастағы жасөспірімнің мәйіті төрт сағаттық іздеуден кейін табылып, судан шығарылған. Оқиға орнында 12 құтқарушы мен екі техника жұмыс істеді.
Марқұм судан құтқарылған ер адамның ұлы болып шықты.