Таяқ жеген гүл сатушыға өз көмегімді беруге дайынмын — блогер Самат Бекебаев

Таяқ жеген гүл сатушыға өз көмегімді беруге дайынмын — блогер Самат Бекебаев

ашық дереккөзі

Бұл туралы жазбаны блогер өз инстаграм парақшасында жазба қалтырған . Самат Бекебаевтың есімі желі оқырмандарына жақсы таныс. Ол таңнан кешке дейін тынбай еңбек етіп жүрген үлкен кісілердің, жұмысшылардың жанынан жай өтіп кетпей, оларға қолынан келгенше көмектесуді өмірлік қағидасына айналдырған. Осы жолы да жай қарап отырмай ,зардап шеккен гүл сатушыға қаржылай көмек одан қалса заңгер де  жалдап ,құқығын қорғап беретінін жазған  деп newsroom.kz хабарлайды altyn-orda.kz  сайтына сілтеме жасап. Еске сала кетсек ,оқиға 8 тамызға қараған түні Шымкент қаласында  бір топ адам мас халде Romantic гүл дүкеніне кіріп, дүкен қызметкерлерін қорқытқан. Шымкент қалалық полиция департаменті тергеу басталғанын, осы факт бойынша жиналған материалдар құқық бұзушыға қатысты шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберілетінін мәлімдеді.      

Жүктелуде...