Қосшы қаласының көшелеріне танымал тұлғалардың аты беріледі

Қосшы қаласының көшелеріне танымал тұлғалардың аты беріледі

ашық дереккөзі

Ақмола облысы әкімдігі мен облыстық мәслихаттың бірлескен қаулысы мен шешімі "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Қосшы қаласының көшелеріне танымал тұлғалардың есімі беріледі, деп newsroom.kz жазады inbusiness.kz. сайтына сілтеме жасап.

"Бүгінгі таңда Қосшы қаласында 19, 20 шағын аудан және 016 кварталда атауы жоқ 30 көше бар. Бұл көшелерде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл қаламыздың тұрғындарына "жедел жәрдем", "өрт сөндіру қызметі", сондай-ақ такси қызметтерін алуда қиындық туғызады", - делінген құжатқа қосымша берілген түсіндірме жазбада.
20 шағын аудан бойынша:
  • №1 көшеге – Батырхан Шүкенов
  • №2 көшеге – Жәнібек Кәрменов
  • №5 көшеге – Нұрғиса Тілендиев
  • №6 көшеге – Әміре Қашаубаев
  • №7 көшеге – Роза Бағланова
19 шағын аудан бойынша:
  • №1 көшеге – Мұстафа өз Түрік
  • №4 көшеге – Шоқыр Бөлтеков
  • №5 көшеге – Нұрсұлу Тапалова
  • №6 көшеге – Асқар Сүлейменов
  • №7 көшеге – Қошке Кемеңгерұлы
  • №8 көшеге – Герольд Бельгер
  • №9 көшеге – Жұмекен Нәжімеденов
  • №10 көшеге – Әбіш Кекілбаев
  • №11 көшеге – Төлеген Айбергенов
  • №12 көшеге – Тұрсынбек Кәкішев
  • №13 көшеге – Ақселеу Сейдімбек
  • №14 көшеге – Ақыт Үлімжіұлы
  • №16 көшеге – Ахмет Бірімжанов
  • №17 көшеге – Жаһанша Досмұхамедұлы
  • №18 көшеге – Сағадат Нұрмағанбетов
  • №20 көшеге – Нұртас Оңдасынов
  • 016 кварталдағы №1 көшеге Фариза Оңғарсынованың есімі беріледі.
Қаулы жобасын көпшілік талқылау 22 тамызға дейін жалғасады. Еске салайық, 2021 жылғы 26 шілдеде Президент Жарлығына сәйкес Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылған болатын.

Жүктелуде...