Бүгін «Экологиялық жағдайды жасыл желектерді дамыту жолымен жақсарту және ауыл шаруашылығы дамуындағы мәселелер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады. Шараға облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы, Өзбекстан, Қырғызстан, Үндістан мен Пәкістан елдерінен келген академик-профессорлар мен еліміздің эколог және орман шаруашылығы мамандары, ғалымдар-профессорлар, табиғат жанашырлары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Конференцияны ҚР Ауыл шаруашылығы академиясының Ясауи білім тарату орталығының директоры Битөре Жұмақанов жүргізіп, бүгінгі басқосудың мақсатына тоқталды, деп хабарлайды
newsroom.kz.