Орталық Африка Республикасындағы қазақстандық бітімгерлер ротацияланды

Орталық Африка Республикасындағы қазақстандық бітімгерлер ротацияланды

ашық дереккөзі

Қазақстан Қарулы күштері әскери қызметшілерінің Орталық Африка Республикасындағы (ОАР) Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік миссиясына қатысу аясында офицерлердің алғашқы ротациясы өткізілді, деп хабарлайды newsroom.kz. 2022 жылы парламент ел Қарулы күштерінің БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына қатысу ауқымын кеңейту туралы шешім қабылдаған болатын. Өткен жылдың жазында екі әскери қызметші Орталық Африка Республикасына (ОАР) жіберілді.  width= Олар 12 ай бойы БҰҰ-ның ОАР-дағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі көпсалалы кешенді миссиясының құрамында штаб офицерлері ретінде қызмет етті. Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ бітімгерлік мандатын іске асыру мақсатында елдегі ішкі жағдай туралы ақпаратты өңдеу және талдау жөніндегі міндеттерді орындады, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға өз үлестерін қосты.  width= Оларды ауыстырған офицерлер миссияның нұсқауларына сәйкес өздеріне жүктелген міндеттерді орындауды жалғастырады.

Жүктелуде...