Бүгін түнде 75 жасында Литвинов Александр Михайлович өмірден өтті. Ол біздің ансамбльдің негізін қалаушылардың бірі, барабаншы болды. «Дос-Мұқасан» ансамблі әріптесіміздің балаларына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Ол біздің жүрегімізде мейірімді, ашық-жарқын, қашан да қол ұшын созатын жан ретінде қалады. Жатқан жері жайлы болсын! – делінген жазбада.