Қатысушылар елорда тұрғындарын бұзақылық әрекеттерден аулақ болуға шақырды. Іс-шара барысында қала тұрғындарына «Қаланың келбетін сақтайық!», «Бастаманы қолдайық!», «Астана – біздің ортақ үйіміз!», «Қалада вандализмге жол жоқ! Елде вандализге жол жоқ!» жазуы бар 200-ден астам постер таратылды. Акция жыл соңына дейін жалғасады деп хабарланып отыр. Естеріңізге сала кетейік, Астанада ұсақ құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын іске асыру аясында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «ұсақ бұзақылық» бойынша 555 хаттама жасалды. Оның ішінде қоғамдық орындарда балағат сөздер айтқаны, жеке тұлғаларды қорлағаны, ғимараттарға, өзге де құрылыстарға, тұрғын үй-жайларға, ортақ орындарға, көліктегі мүлікке және басқа да мүлікке зиян келтіргені үшін, сол сияқты қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да ұқсас әрекеттер бар.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін елорда көшелерін күн сайын 2500-ден астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан әскери бөлімінің қызметкерлері күзетеді.