Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
2 тамыз, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістандық делегация Ташкент облысындағы экотуристік нысандардың жұмысымен танысты

Түркістандық делегация Ташкент облысындағы экотуристік нысандардың жұмысымен танысты

Түркістандық делегация Ташкент облысындағы экотуристік нысандардың жұмысымен танысты
ашық дереккөзі
Түркістан облысының туристік әлеуетін насихаттау мақсатында құрылған ақпараттық топ Өзбекстандағы сапарын Бостандық ауданынан бастады, деп хабарлайды newsroom.kz.

Балалар 14 күн бойы табиғат аясында демалып ғана қоймай, экстремалды спорттық-туризмнің негіздерін меңгереді. Атап айтқанда, жартасқа өрмелеу, таудағы қауіпсіздік, GPS бағдарлу, роликті коньки тебу, ағылшын тілінде логикалық дәрістер, экологиялық сауаттылық, ойындар мен шығармашылық іс-шараларына қатысады. Жас туристік үйірме бір ауысымда 38-50 балаға дейін қабылдайды.

<div class=
Ал, бүгін негізгі бағдарлама бойынша Ташкент облысының туризмді дамыту басқармасы және сала өкілдерімен кездесу өтіп, келіссөздер жүргізілмек.
«Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz

Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz

Сертификат

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Портал жаңалықтары 18 жастан асқан оқырмандар назарына.

Контакты
• Мекен-жай Astana, Kazakhstan
• Телефон +77057218114
• e-mail info@newsroom.kz
Әлеуметтік желілер:
facebook twitter telegram instagram youtube
Яндекс.Метрика

2024 © Барлық құқық қорғалған