Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
2 тамыз, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан мен Ташкент облыстары туризм саласын дамытуда нақты істерді қолға алды

Түркістан мен Ташкент облыстары туризм саласын дамытуда нақты істерді қолға алды

Түркістан мен Ташкент облыстары туризм саласын дамытуда нақты істерді қолға алды
ашық дереккөзі
Биыл көктемде Түркістан облысы мен Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы арасында туризм саласын дамыту бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойылған еді. Бүгінгі таңда екі тарап өзара ұсыныстарды негізге ала отырып, нақты істерді қолға алуда.
Осы мақсатта Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасынан құрылған ақпараттық-насихат тобы Ташкент облысына іссапармен барды.
«Welcome to Turkistan - 2023» тақырыбындағы ақпараттық турды «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ЖШС-нің директоры Серік Сандыбаев, «Turan tour» туристік агенттігінің жетекшісі Исмаил Омаралиев жүргізді, деп хабарлайды newsroom.kz.

<div class=
Айта кетейік, Түркістан өңірінің туризмін дамыту бойынша 3 бағыт айқындалған. Олар: тарихи-танымдық, экологиялық және емдік-сауықтыру туризмі.
«Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz

Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz

Сертификат

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Портал жаңалықтары 18 жастан асқан оқырмандар назарына.

Контакты
• Мекен-жай Astana, Kazakhstan
• Телефон +77057218114
• e-mail info@newsroom.kz
Әлеуметтік желілер:
facebook twitter telegram instagram youtube
Яндекс.Метрика

2024 © Барлық құқық қорғалған