Қаңтарға дейін шамамен бір жыл бұрын Дариғаға: сен боласың (президент – автор) деп әбден сендіріп тастаған. Дариға Назарбаева келісті, Кәрім Мәсімов куәмін деді. Дариға қуанғаннан достарының бәрін жинады, арасында Балиева да бар. Нұрсұлтан Назарбаев Кәрім Мәсімовке «мыналардың не істейтінін жазып ал» деп тапсырма берді. Сонда ол өзінің президент болатынын айтып, кімнің басын жұлып алатынын, кімге не істейтінін айтқан ғой. Ертеңіне видеоны көрген Нұрсұлтан Әбішұлы қызына: «мына түріңмен қалай президент боласың?» деп, Сенаттан алып тастады. Біраз уақыт ешқайда жақындатпай қойды, – деді Шабдарбаев.