Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
1 тамыз, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Назарбаевтың жиені басқаратын компания мемлекетке қайтарыла ма?

Назарбаевтың жиені басқаратын компания мемлекетке қайтарыла ма?

Назарбаевтың жиені басқаратын компания мемлекетке қайтарыла ма?
ашық дереккөзі
Үкімет кулуарында вице-премьер әрі қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиев басқаратын компанияның мемлекет меншігіне өтуі-өтпеуі жайында сұраққа жауап берді, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Кеше Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиев «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесін басқаратыны хабарланған. Кезінде аталған компания мемлекеттің меншігінде болатын. Президент Қасым-жомарт Тоқаев заңсыз активтерді қайтару жөнінде бастама көтерген еді. Осыған қатысты журналист тарапынан компания мемлекет меншігіне қайтарыла ма деген сауал қойылды. Қаржы министрі «Транстелекомның» мемлекет қарамағында акциялары жоқ екенін айтты.
Заңсыз активтерді қайтару заңы аясында бұл компания әлі де зерттелуде. Осы бағыт бойынша әзірге тиісті комиссия құрылған жоқ. Бұл іспен бас прокуратураның арнайы ведомствосы айналысады. Бұл солардың құзыретіндегі жұмыс. Егер барлық крийтерилер заң аясында сәйкес келіп тұрса, заң аясында тартуға мүмкіндік болса, әрине тартылады. Оны зерттеуге енгізу үшін бірінші ведомство, екінші комиссия құрылу қажет. Арнайы тіркеу регистрі керек. Сол регистрге крийтерилер бойынша сәйкес келсе, яғни оған кірсе акционерлер мен тиісті басшылар келіп тиісті декларация береді. Қаншалықты заңды екені сол кезде көрінеді,– деді министр.
  Ерұлан Жамаубаев аталған компанияны елге қайтарылуы керек деп ойлайсыз ба деген журналистің сұрағына министр барлығы заң аясында болу керек екендігін айтты.
Мен қандайда бір компанияны мемлекет меншігіне қайтара алмаймын. Мұның бәрі заң аясында шешілу қажет деп есептеймін. Заң аясында дәлелденсе, әрине қайтарылу керек, – деді ол.