Алматыда Қазақстан Республикасы Дзюдо федерациясының қолдауымен өткен жеке-командалық жарыстар Халықаралық дзюдо ұйымының ережелері бойынша ұйымдастырылды, деп хабарлайды newsroom.kz.
Ерлер мен әйелдер 9 жас және 7 салмақ дәрежесінде бақ сынасты.
Қорғаныс министрлігі Спорт клубының төрағасы – ОСК бастығы подполковник Арман Әбеуов 100 келі (М-3) жоғары салмақта чемпион атанды.
Онымен бір клубтағы Қарулы күштердің қызметкері Евгений Кондратьев чемпионатта 100 келі (М-3) дейінгі салмақта сәтті өнер көрсетті.
– Бүгін дзюдоның мықтылары арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Бұл сайыс биылғы қараша айының басында Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде өтетін әлем чемпионатына іріктеу болды, – деді Арман Әбеуов.
Осы чемпионатта орталық спорт клубынан екі спортшы өнер көрсетіп, екеуі де бірінші орын олжалағанын айта кетелік.