Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
31 шілде, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Italian Beauty Days: «Аумақтың сұлулық нарығын дамытудағы әлеуеті зор»

Italian Beauty Days: «Аумақтың сұлулық нарығын дамытудағы әлеуеті зор»

Italian Beauty Days: «Аумақтың сұлулық нарығын дамытудағы әлеуеті зор»
ашық дереккөзі
Алматыда сәтті өткен ауқымды халықаралық Italian Beauty Days іс-шарасының қорытындысы шығарылды. Жалпы алғанда Italian Beauty Days көрмесінде 22 ірі итальяндық өндірушілер өз өнімдерін ұсынды. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінен 300-ден астам косметика саласының мамандары Алматыға келіп, итальяндық өндірушілермен кеңесіп, олардың өнімдерімен танысты, деп хабарлайды newsroom.kz. Іс-шараны Қазақстан Республикасындағы Италия Елшілігінің  Сауда алмасуды дамыту бөлімі (ИЧЕ) мен Cosmetica Italia косметикалық компаниялардың ұлттық қауымдастығы ұйымдастырды. Cosmetica Italia қауымдастығының вице-президенті Фабио Франкина атап өткендей, біз итальяндық өндірушілерден де, Қазақстаннан және бүкіл Орталық Азиядан келген мамандардан тамаша пікірлер алдық. «Итальяндық өндірушілер Қазақстанның және аумақтың басқа елдерінің серіктестерімен ұзақ мерзімді байланыстар орнатты. Іскерлік кездесулер өткізілді, келісімдер жасалды, көптеген келісім-шарттарға қол қойылды. Енді Алматыда Italian Beauty Days сұлулық күндерін тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті Франкина мырза.  width= Алматыдағы ИЧЕ кеңсесінің директоры Мартино Кастелланидің айтуынша, 2022 жылы Италиядан Қазақстанға косметика экспортының 40%-дан астам өсімі тіркелген. «Бұл біздің өндірушілерге елдегі және жалпы аймақтағы серіктестермен байланыстарды бұдан да белсенді түрде орнатуға ынталандыратын перспективті көрсеткіш. Istat мәліметтеріне сүйенсек, осы уақытқа дейін косметика экспорты Италияның Қазақстанға экспортының жалпы көлемінің 1,5% құрайды. Бірақ бұл аймақ сұлулық нарығын дамытуда орасан зор әлеуетке ие, сондықтан біз бұл үлесті айтарлықтай арттыруды мақсат етіп қойдық. Біз бұл жерде жоғары сапалы итальяндық косметиканың танымал болуын қамтамасыз етуге тырысамыз және біз бұл бағытта белсенді жұмыс істейтін боламыз», - деді Мартино Кастеллани. Италияның сұлулық индустриясының барлық секторлары Italian Beauty Days барысында жақсы ұсынылды. Кастелланидің айтуынша, парфюмерия, шаш күтімі, дене күтімі және макияжға арналған косметика – осы төрт сала қызығушылық және іскерлік байланыстар саны бойынша бірінші орында. Барлық осы сегменттердің тауарлары қазіргі уақытта Қазақстанға әртүрлі көлемде экспортталады және ИЧЕ осы жеткізілімдердің көлемін айтарлықтай арттыруды мақсат етеді.  width= Фабио Франкинаның айтуынша, көптеген итальяндық косметикалық брендтердің жетекші позицияларды иемдену мен қарқынды дамуы тарихи мұраға (Италия екі ғасыр бойы еуропалық және әлемдік сұлулық индустриясының көшбасшыларының бірі болып саналады), сонымен қатар, өндірушілер әрқашан өз тәжірибесіне белсенді түрде енгізетін елдің жоғары технологияларына байланысты. «Парфюмерия әлемінің тарихи шығу тегі итальяндық. Біздің елімізде осы саламен өзінің өткенін, бүгінін және болашағын байланыстыратын бірқатар ірі және танымал брендтер бар. Заманауи итальяндық сұлулық индустриясының мықты жағы – ол белгілі бір аудитория үшін арнайы жасалған шығармашылық шешімдерде жатыр. Соның ішінде өзін-өзі күту дәстүрлері тарихи қалыптасқан Орталық Азия аймағының аудиториясы да бар», - деп түсіндірді CosmeticaItalia вице-президенті. Шараға қатысқан қазақстандық бьюти-стилисті Ирина Хабердің айтуынша, шараның ең маңызды артықшылығы – итальяндық сұлулық индустриясының өкілдерімен тікелей танысып, тілдесу мүмкіндігі болды. «Қазір мен өзім итальяндық сұлулық брендімен серіктестік мәселелерімен айналысып жатырмын және осы шараға көптеген қазақстандық кәсіпкерлер мен сатып алушылар дәл осындай мақсатпен келгенін айта аламын. Бизнес-форум аумағымыздағы компанияларға дистрибуция арналарын іздеуге, қазақстандық мамандарды итальяндық косметикалық брендтермен және жалпы Италияның сұлулық мәдениетімен таныстыру үшін арнайы ұйымдастырылған. Қазақстан тарапынан шараға маркетологтар мен сала мамандары қатысты, біріншіден бұлар сұлулық индустриясында жұмыс істейтін компаниялардың басшылары болды. Нәтижесінде қазақстандық әлеуетті серіктестер еліміз үшін жаңа итальяндық брендтер туралы көптеген ақпарат алумен қатар, парфюмериялық және косметикалық өнімдер шығаратын компаниялардың иелерімен жеке кездесуге мүмкіндік алды. Итальяндық косметиканың тартымдылығы -  ол әдетте ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын дәстүрлері бар, барлық ингредиенттер өз плантацияларында өсірілетін толығымен отбасылық кәсіпорындарда шығарылатынында және сала мамандарының осында, жергілікті университеттерде оқитынында. Итальяндық брендтердің өнімнің ең жоғары сапасын, синтетикалық және органикалық компоненттердің бірегей комбинациясын, жаңа желілерді қалыптастырудың инновациялық тәсілдерін қалыптастыратыны - жергілікті сұлулық мәдениетінің терең дәстүрлерінен болатынын мақтан ететіні өте лайықты. Қазақстандық мамандардың шараға үлкен қызығушылық танытып, итальяндық косметиканың Қазақстан Республикасы аумағында кәсіби дистрибуциясын ұйымдастыруға қызығушылық танытқанын көрдік. Сұлулық секторының сатып алушылары осындай ұзақ мерзімді байланыстарды неғұрлым көп орнатса, нарық үшін соғұрлым жақсырақ, себебі аумақ тұрғындары шынымен де жоғары сапалы итальяндық өнімдердің сан алуан таңдауына ие болады», - деді Ирина Хабер. Іс-шараның нәтижесінде итальяндық косметика өнеркәсібінің ауқымын және оның жаңа нарықтарды дамыту әлеуетін көрсететін деректер жарияланды. Олардың бірін ИЧЕ Орталық Азия нарығын қарастырады. Осылайша, Istat мәліметтері бойынша әлемде сатылатын барлық сәндік косметиканың 55% итальяндық компаниялар шығарады. Итальяндық косметика өндірушілері соңғы табысының 6%-ын инновацияға, ғылымға және дамуға салады, бұл өңдеу өнеркәсібі бойынша ұлттық орташа көрсеткіштен екі есе, яғни шамамен 3% құрайды. «Италияның сұлулық индустриясына арналған өнімдерді шығаратын жетекші еуропалық өндірушілердің бірі болуы таңқаларлық емес. Бұл үшін еліміздің өндірушілеріңде қажеттінің бәрі бар: көп ғасырлық дәстүрлер, техникалық білім, жоғары сұраныс және ең бастысы, ол салаға мемлекеттік қолдау көрсету. Италияда косметика өнеркәсібінің ірі халықаралық көрмелері өтеді. Біріншісі – ол 51 жылдық тарихы бар әлемге әйгілі Cosmoprof көрмесі. Cosmoprof компаниясы Болонья қаласында орналасқан. Ол пайда болғанынан бастап сұлулық индустриясындағы ең маңызды жаһандық форумға айналды және қазір Лас-Вегаста, Гонконгта және Бомбейде де өтеді», - деді Мартино Кастеллани. Алматыдағы ИЧЕ кеңсесінің басшысы атап өткендей, Италиядағы бүкіл косметикалық желінің айналымы жылына 33,2 миллиард еуроға жетеді және бұл айналымның кем дегенде 20% табиғи, органикалық және «жасыл» косметикаға тиесілі. Осы жерде айта кететін жайт, Еуропадағы косметика нарығының жалпы көлемі 79,8 миллиард еуроны құрайды, яғни бұл нарықтың үштен бірінен астамы Италияға тиесілі. «Өнімдердің экспорты итальяндық сұлулық секторының қозғалтқышы болып табылады: сол себепті сапалы, жоғары технологиялы, қауіпсіздікпен, шығармашылықпен синонимдес болған «Made in Italy» косметикасы бүкіл әлемде жоғары бағаланады және жаңа нарықтарда берік орнығады. Біз бұл үрдісті кеңейтуге мүдделіміз. Сондықтан біз Italian Beauty Days аясында барлық заманауи өнімдерімізді Қазақстан мен Орталық Азия бизнесіне барынша кең әрі егжей-тегжейлі көрсетуге тырыстық», - деп атап өтті қорытынды кездесуде Фабио Франкина.