Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
29 шілде, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қазақстанда жерленбей кеткен 9 ұлы тұлға

Қазақстанда жерленбей кеткен 9 ұлы тұлға

Қазақстанда жерленбей кеткен 9 ұлы тұлға
ашық дереккөзі
  1. Мысыр мен Сирия сұлтаны – Бейбарыс. Оның туған жері (1223-1277) қазіргі Қазақстан территориясын қамтитын Дешті-Қыпшақ даласы. Сұлтан Бейбарыс Мысыр (Египет) елін 17 жыл басқарды. Дамаск, Сирияда жерленген. 2. Мұхаммед Хайдар Дулати. (1499-1551). Дулат руынан шыққан. Қазақ хандығы мен алғашқы билеушілерінің өмірін сипаттайтын шежірелердің авторы. Мұхаммед Хайдар Дулати жазған деректердің арқасында Қазақ хандығының құрылу тарихын 1465 жылдан бастап есептейміз. Үндістанда Кашмир қаласында жерленген. 3. Әйтеке би. Зираты Өзбекстанда, Науаи облысында орналасқан. Руы, Кіші жүз, Әлімұлы, Төртқара. Қазақ хандығының «Жеті жарғы» заңдар жинағы авторларының бірі. 4. Төле би Төле би Ташкенттің басқарушысы және биі болған. Төле би (1663-1756) қазіргі Жамбыл облысы аумағындағы Жайсан бойында дүниеге келген. Ол Абылай ханды өсіріп, тәрбие берген деген болжам бар. Зираты Өзбекстандағы Ташкент қаласында орналасқан. 5. Әлихан Бөкейхан. Әлихан Бөкейхан – Алаш партиясының және Алаш автономиясының қалаушысы. Алаш ордалықтар, қазақ мемлекетінің Жапония және батыс сияқты дамуын калаған. Әлихан Бөкейханның басшылығымен Ахмет Байтұрсынов, Әлімхан Ермеков сияқты алаш ордалықтар Ленинмен келіссөздер жүргізіп, Қазақстанның бүгінгі шекарасын сызған. Ашаршылық кезінде халыққа тамақ әкеліп көмектескенде осы Әлихан Бөкейхан. Мәскеу қаласында жерленген. 6. Мұстафа Шоқай Мұстафа Шоқай – Лениннің, Сталиннің, Гитлердің жауы. Совет үкіметіне қарсы шыққан қазақтың қоғам және саяси қайраткері, публицист, Біртұтас Түркістан азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күрестің идеологы. Зираты Германия астанасы Берлинде орналасқан. 7. Оспан Батыр. Оспан Батыр Шығыс Түркістан халқының тәуелсіздігі үшін қытайларға қарсы күрескен қазақ халқының көрнекті тұлғасы. Зираты Қытайдағы Іле Қазақ автономиялық облысында орналасқан 8. Әбу Насыр әл-Фараби (870-950). Түркі тектес, Фараб (Отырар) қаласының тумасы. Орта ғасырларда Шығыста Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» деген лақап атпен аталды. Зираты Сирия, Дамаск қаласында орналасқан. 9. Кенесары хан. Кенесары Қасымұлы (1802-1847) –Мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, 1837 – 1847 жылдардағы Ресейдің отарлау саясатына қарсы шыққан ұлы тұлға. Қазақ хандығының соңғы ханы. Абылай ханның немересі. Қырғызстанның Майтөбе деген жерінде дүние салған.