Әлеуметтік желіде Димаш Құдайбергеннің көрермендер арасынан белгісіз бойжеткенді сахнаға алып шыққан видеосы тарады. Әншінің шетелдік жанкүйері қазақша ән шырқап, көпшілікті дауысымен таңғалдырды, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Stan.kz хабарлауынша, сахнада “Махаббат бер маған, тағдыр” әнін орындап тұрған Димаш Құдайберген микрафонды жанкүйердің біріне тосып, ән айтуын сұрады. Шетелдік божеткеннің дауысы таңғалдырғаны соншалық, Димаш оны сахнаға шығарды.
“Күте тұрсаңыздар. Мұнда келіңіз. Қайдасыз? Сіз кімсіз? Мұныңыз не? Сізді көргеніме қуаныштымын. Қобалжымаңыз. Сіздің дауысыңыз сондай керемет. Жәй ғана шырқаңыз”, – дейді Димаш бойжеткенге микрофонды беріп. Жиналған қауым талантты жанкүйерге қошемет көрсетіп, қолдады. Таңғалысын жасыра алмаған Димаш Құдайберген бойжеткенді құшақтап, сахнадан шығарып салды.
Бойжеткеннің есімі Кристи, Димаштың румыниялық жанкүйері болып шықты.