weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
27 шілде, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жаңаөзенде жас босанған ана қайтыс болды

Жаңаөзенде жас босанған ана қайтыс болды

Жаңаөзенде жас босанған ана қайтыс болды
ашық дереккөзі
Туыстары әйелдің өліміне дәрігерлерді кінәлауда. Жаңаөзен көпсалалы қалалық ауруханасының гинекология бөлімінде жас босанған ана қайтыс болды. 32 жастағы әйелдің қайтыс болу себептерін арнайы комиссия анықтайды, деп newsroom.kz хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 32 жастағы Бибі Қуанованың анасы гинекология бөлімшесінің дәрігерлерімен сот ісін жүргізуге ниетті. Оның айтуынша, 17 шілдеде қызы жұмыс орнында ауырып қалады. Ол жүктіліктің жетінші айында болған.
“Алдымен Бибі жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізіледі, бірақ жүктілігіне байланысты қалалық аурухананың гинекология бөліміне жіберілді. Қабылдау бөлімінің фельдшерлері мен дәрігерлері оны дер кезінде, қалыпты түрде ауруханаға жатқыза алмады”, - дейді туыстары.
Баланы да, ананы да құтқару мүмкін болмаған. Қайғылы жағдайға марқұмның анасы дәрігерлерді кінәлайды.