Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
26 шілде, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Диснейленд» үш есе қымбат: балалар аттракционы қызметі бір жылда 23% қымбаттады

«Диснейленд» үш есе қымбат: балалар аттракционы қызметі бір жылда 23% қымбаттады

«Диснейленд» үш есе қымбат: балалар аттракционы қызметі бір жылда 23% қымбаттады
ашық дереккөзі

Жалпы демалыс, ойын-сауық және мәдениет қызметі 17% қымбаттады, деп хабарлайды newsroom.kz.

Биыл маусымның қорытындысы бойынша, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызмет бір жылда 16,6% қымбаттады. Соның ішінде демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызмет 16,9%, мәдени-бұқаралық іс-шаралар саласындағы қызмет 13,5% қымбаттады. Демалыс және спорттық іс-шаралар секторында балалар аттракционы — 23%, оқушыларға арналған спорт секцияларындағы сабақ — 15,1%, жаттығу залы қызметі (абонемент) — 13%, бассейн қызмет (абонемент) — 16,3% музыкалық білім беру — 8,7% қымбаттады. Мәдени шаралар саласында кинотеатр қызметі бір жылда 14,1%, театр қызметі 8,4% фотограф қызметі 12% қымбаттады. Өңірлер бойынша сектордағы ең көп жылдық баға өсімі Жетісу (бір жылда 47,7%), Түркістан (39,7%) және Батыс Қазақстан (36,9%) облыстарында байқалды. Бағаның ең аз жылдық өсімі Астана қаласында (5,6%), сондай-ақ Қостанай (5,7%) және Атырау (7,1%) облыстарында тіркелді. Әлеуметтік желі қолданушылары бір баланы саябаққа апару бюджетке ауыр тиетінін айтады, деп хабарлайды zakon.kz. Алматыдағы ең арзан аттракциондардың бірі — «Слалом». Бала төбеге шығып, төмен қарай сырғанайды. Жарты минуттық осы ойынның құны 400 теңге. Басқа аттракциондар 680 теңгеден 990 теңгеге дейін. Тиісінше бір сағаттық сырғанақ үшін ата-аналар 7–10 мың теңге төлейді. Биыл бірінші тоқсанда демалыс пен ойын-сауық ұйымдастыру қызметтерінің көлемі 118 млрд теңгені құрады, бұл былтырғымен салыстырғанда құндық мәнде 41,3% артық. Ойын-сауық және тақырыптық саябақтар қызметі бір жылда 57% өсіп, 2,7 млрд теңгеге, қуыршақ театрлары — 75%, 298,5 млн теңгеге, би залдары мен дискотека — 23 есеге жуықтап, 132 млн теңгеге дейін өсті. Бұл ретте, родео және тир қызметі, керісінше 81,7% төмендеп, 322,2 мың теңге болды. Өңірлер бойынша биыл бірінші тоқсанда барлық демалыс және ойын-сауық қызметтерінің 72,6%-ы Алматыда көрсетілді: 85,6 млрд теңге — бір жыл бұрынғыдан 43,7% артық. Үздік бес өңірге сондай-ақ Астана (5,8 млрд теңге, 29,9% көбейген), Алматы (3,4 млрд теңге, 15,7% көбейген), Батыс Қазақстан (2,1 млрд теңге, 29,8% көбейген) және Қарағанды (2 млрд теңге, 7,7% азайған) облыстары кірді. Сала бойынша ең аз қызмет Ұлытау (582,3 млн теңге), Солтүстік Қазақстан (826,8 млн теңге) және Маңғыстау (922,6 млн теңге) облыстарында көрсетілген.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату