Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
25 шілде, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Сандуғаш Стамғазиева ұзақ жылдардан кейін сахнаға қайта шықты

Сандуғаш Стамғазиева ұзақ жылдардан кейін сахнаға қайта шықты

Сандуғаш Стамғазиева ұзақ жылдардан кейін сахнаға қайта шықты
ашық дереккөзі
Осыдан 20 жылдан астам бұрын Мейрамбек Беспаевпен қосылып орындаған әндері қалың көпшіліктің сүйініспеншілігіне бөленген Сандуғаш Стамғазиева қайтадан ел алдына шықты, деп newsroom.kz хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Бірақ бұл жолы ол сол кездердегі әндерін Мейрамбекпен емес, жас әншілердің бірімен орындап шықты. «Алматы» арнасындағы «Шешімі бар» бағдарламасының бір саны ақын, композитор Исраил Сапарбайға арнады. Мейрамбек Беспаев пен Сандуғаш Стамғазиева ақынның «Қоштасудың қиыны-ай» және «Сен болмасаң» әндерін көпшілікке танытқан. Сондықтан араға бірнеше жыл салып, сол әнді қайта жарыққа шығарды.
«Қоштасудың қиыны-ай» әнін осыдан 25 жыл бұрын Мейрамбек екеуіміз алғаш орындадық. Ән жүрегімізді баурап алды. Бірақ басында әннің сөзін Исраил аға жазғанын білмедім. Кейін 2001 жылы «Сен болмасаң» әнін жазып берді, -дейді Сандуғаш Стамғазиева.
  Ол бұл жолы Бақберген Тоқтарбекұлы деген жас әншімен орындады. Желі қолданушылары әншінің дауысына ризшалықтарын білдіріп, сағынғандарын айтып жатыр. «Керемет орындау керемет дауыс керемет ән», «Сандуғаш әдемі айтады жиі шықпай жүр, кейінгі кезде дауысын сағындық», «Сандуғаштың салған әнін тыңдай бергім келеді», «Бақберген де Мейрамбектен кем түспеді», - деген пікірлер бар. Айта кетейік, Сандуғаш Стамғазиева ұстазы Алтынбек Қоразбаевқа тұрмысқа шыққан соң, екі қызды дүниеге әкелген. Содан кейін көп жылдар сахнаға шықпай кеткен болатын.