Түркістанда Шардара ауданының мәдениет күндері өтті

Түркістанда Шардара ауданының мәдениет күндері өтті

ашық дереккөзі

  Жуырда Түркістан қаласында Шардара ауданының мәдениет күндері аталып өтті, деп хабарлайды newsroom.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Этноауыл аумағында «Ұлттық ойындар – ұлттық тәрбие құралы» атты спорт түрлерінен сайыстар болып өтті. Қатысушылар лттық спорт ойындарынан, атап айтқанда қазақ күресі, қол күресі, арқан тарту, гір тасын көтеру, ләңгі тебу, қошқар көтеру, бесасық, асық ату, тоғызқұмалақ сайыстарынан бақ сынап, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Одан бөлек Шардара ауданы диқандарының ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі көпшілікке тарту етілді. 7 шілде күні бастау алған айтулы күн этноауыл аумағында «Шежірелі өлке өрнектері» атты қолөнер, қылқалам шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Қала тұрғындары мен қатысушылар киіз басу, құрақ құрау сынды қолөнер бұйымдарының жасалу технологиясынан мастер-класс өтті. «Салт-дәстүрім – алтын қазынам» атты әдеби-сазды композициялық қойылымда ұлттық тағамдар көрмесі, ұлттық киім сән үлгілері, «Баланың бауырынан табақ жүгірту», «Тұсау кесер», «Біз шаншыр», «Шеге шапан», «сырға салу» және жас отауды қолдау сынды ізгі дәстүрлер сахналанған болатын. «Visit Turkistan» орталығы алаңында аудан көркемөнерпаздарының «Жайнай бер, Шағалалы Шардара!» атты атап гала-концерті өтті. Концертке ауданнан түлеп ұшқан эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Олар әнші Қазыбек Құрайыш, Мөлдір Бақытжанқызы, Айзада Әлімбек, Ибрагимовтар отбасылық ансамблі, Шахзод Сана, Лұқпан Байқожа т.б.

Жүктелуде...