weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
12 шілде, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Атырауда отбасында жанжал шығарған 34 адам қамауға алынды

Атырауда отбасында жанжал шығарған 34 адам қамауға алынды

Атырауда отбасында жанжал шығарған 34 адам қамауға алынды
ашық дереккөзі
Атырауда отбасында жанжал шығарған 34 адам әкімшілік қамауда отыр, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты «102» арнасына 4 097 хабар түскен.
Осындай дерекке байланысты Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 73-бабымен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) 1 198 адам жауапкершілікке тартылды. Ал, 1 365 құқық бұзушыға қорғау нұсқамасы шығарылды. Оның ішінде 334 адамға ерекше талап қойылды. Қорғау нұсқамасын бұзған 96 адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 461-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазір отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас саласында құқық бұзған 34 адам қабылдау-тарату орнына әкімшілік қамауға алынды, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.