Қазгидромет 11 шілдеде Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын хабарлады, - деп newsroom.kz хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 35-37 градус жылы.
Алматыда күн ашық. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 30-32 градус жылы.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 37-39 жылы.
Ақмола облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен секундына 7-12 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың солтүстік-батысында 23 градус жылы, күндіз 33-38 градус жылы, облыстың батысында 41 градус аптап.
Күндіз
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында, солтүстігінде қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде 23-28, облыстың батысында 20 градус жылы, күндіз өте ыстық 30-35, облыстың оңтүстігінде 38 градус жылы.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде құмды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің күші 9-14, түнде шығыста, күндіз облыстың басым бөлігінде секундына 15-20 метр, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 25 метр. Ауа температурасы түнде 23-28 градус жылы, күндіз 31-36 градус, облыстың шығысында 39 градус ыстық болады.
Күндіз солтүстік-батыста,
Маңғыстау облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыста, солтүстік-шығыста, облыс орталығында құмды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады 9-14, батыста, солтүстік-шығыста, облыс орталығында 15-20, екпіні секундына 23 метр. Ауа температурасы түнде 22-27, облыстың солтүстік-шығысында 30 градус жылы, күндіз 35-40 градус жылы, облыстың солтүстік-шығысында 43 градус жылы, облыстың батысында 29 градус жылы.
Күндіз
Павлодар облысының оңтүстік-шығысында аздаған өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 17-22 градус жылы, күндіз 34-39 градус жылы.
Түнде оңтүстікте, шығыста, күндіз
Шығыс Қазақстан облысының шығысында аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстіктен соғатын желдің күші 9-14, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 8-13, облыстың оңтүстігінде 18, күндіз 27-32, облыстың шығысында 21 градус жылы.