«Бешикташ» тағы екі қазақ футболшысына қызығушылық танытып отыр

«Бешикташ» тағы екі қазақ футболшысына қызығушылық танытып отыр

ашық дереккөзі

«Астана» клубының 23 жастағы жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов пен 22 жастағы «Ақтөбе» клубының шабуылшысы Арман Кеңесов Түркияның «Бешикташ» клубының назарына түсті, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Habertürk агенттінің жазуынша, Бахтиер Зайнудтиновтен бөлек, Түркия клубы ұлттық құраманың тағы екі фуболшысын байқап көрмек. Астанов наурыз айында «Ордабасыдан» кетіп, «Астана» жейдесін киді. Елорда командасында 19 матчқа қатысып, 4 гол соғып үлгерді. Арман Кеңесов Ресейдің «СКА-Хабаровск» командасында ойнаған тәжірибе бар. 2022 жылдың қаңтар айынан бері «Ақтөбе» намысын қорғайды. Биылғы маусымда 15 матчта 5 рет мергендік танытқан.

Жүктелуде...