Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
7 шілде, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Баян-Өлгийде Кіші Құрылтай басталды

Баян-Өлгийде Кіші Құрылтай басталды

Баян-Өлгийде Кіші Құрылтай басталды
ашық дереккөзі
  ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, ҚР Сыртқы істер министрлігі «Отандастар қоры» КеАҚ президенті Абзал Сапарбекұлы, Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев пен бір топ ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжіліс депутаттары бастаған қазақстандық делегация мүшелері Баян-Өлгий аймағына ат басын тіреді, деп хабарлайды newsroom.kz. Құрылтай қатысушылар арасында сондай-ақ Қазақстаннан келген дипломатия ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері мен Түркия және Ресейден келген қандастар да бар. Арнайы сапармен келген қонақтарды Баян-Өлгий аймағының әкімі Камелият Ахмадияұлы мен Баян-Өлгий халқы әуежайдан шашу шашып қарсы алды. Аймақ губеранторы Камелият Ахмадияұлы , Маслихат Төрағасы Хабыл Шәривұлы бастаған делегациялар арасындағы кездесуде Абзал Сапарбекұлы қазақстандық делегация құрамын таныстырып, Ұлан-Батырда болған іс-шаралар туралы айта келе, алдағы 2 күндіе Кіші Құрылтайдың жемісті болуын тіледі.  width= Өз кезегінде Камелият Ахмадияұлы «Бермесең алмайсың! Бармасаң алыстайсың!» демекші 10 жылдан аса үзіліп қалған Моңғолия қазақтарының кіші құрылтайының қайта жалғасын тапқанына аса қуанышты екенін айтты. Қазақстандық делегация құрамында ҚР Президенті кеңесшісі мен сенатор, депутаттардың болуы бұл іс-шараға деген маңыз берудің дәлелі деп атап өтті. Аймақ губернаторы аймақтың экономикалық-әлеуметтік және халықтың тыныс-тіршілігі туралы кеңінен мәлімет берді. Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Президент Қасым-Жұмарт Кемелұлының ыстық сәлемін жеткізуге арнай келгенін айтып, Қазақстан қашанда ішкі тыныштықпен қатар сыртқы байланысты үзбеу саясатын нық ұстанатын, сонымен қатар, Президентіміз қашан да шетте жүрген қандастарымыздың мәселесін назарда ұстайды, олармен байланысты нығайта түсуге аса мән береді деді.  width= ҚР Мәжіліс депутаттары Үнзила Шапак, Нұргул Тау, Жарқынбек Амантай өз сөздерінде екі елдің парламентаралық байланыстарындағы күн тәртібіндегі мәселелер, еліміздегі құқықтық-демократиялық реформалар туралы баяндап өтті.  width= Баян-Өлгий аймақтық мәслихатының төрағасы ата-бабамыз осы елдің өркендеп өсуіне үлкен үлес қосып, бүгінде Баян-Өлгий аймағындағы қазақтардың емін-еркін өмір сүруіне жағдай жасады, сол істі әрі қарай жалғастырып келе жатқанын айтып, мемлекеттер арасындағы достықтың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, Баян-Өлгейдегі қандастармен рухани-мәдени байланысты арттыру мәселелері де тақырыпқа өзек болды.