weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
30 маусым, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жыл соңына дейін елімізде 21 халықаралық спорт турнирі өтеді

Жыл соңына дейін елімізде 21 халықаралық спорт турнирі өтеді

Жыл соңына дейін елімізде 21 халықаралық спорт турнирі өтеді
ашық дереккөзі
Биылғы жыл соңына дейін Қазақстанда балалар-жасөспірімдер және параспорт жарыстарын қоса алғанда, түрлі көлемдегі 21 халықаралық турнир өтеді. newsroom.kz бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. Атап айтқанда, елімізде бадминтоннан Kazakhstan International Series 2023 халықаралық турнирі (қазан-қараша), сондай-ақ бокстан Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған ерлер мен әйелдер арасындағы турнир (желтоқсан) жоспарланған. Сонымен қатар еркін күрестен Д.Қонаев атындағы халықаралық жарыс (қазан-желтоқсан), жеңіл атлетикадан А.Тұяқовтың жүлдесіне арналған халықаралық турнир (желтоқсан), үстел теннисінен 2023 WTT contender Almaty (29 тамыз — 3 қыркүйек) жарыстары және басқа да спорт сайыстары бар. Олимпиадалық емес спорт түрлерінен: армрестлингтен әлем чемпионаты (тамыз-қыркүйек), джиу-джитсудан AJP Tour Astana Championship халықаралық турнирі ұйымдастырылады. Параспорт: волейболдан Азия чемпионаты (шілде) өтеді. «Халықаралық турнирлерді ұйымдастырудың бірнеше мақсаты бар. Ең алдымен, бұл спортқа деген жалпы қызығушылықты арттыру және оны танымал ету. Сондай-ақ мұндай жарыстар біздің спорттық инфрақұрылымымызды пайдалануға, оның әлемдік стандарттарға сәйкестігін тексеруге мүмкіндік береді. Ал спортшыларымыз жоғары деңгейде құнды тәжірибе алады. Әрине, осындай іс-шараларды ұйымдастыру кезінде біз шығындарды барынша азайтуға баса назар аударамыз», - деді ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.