Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
29 маусым, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

“Air Аsтаnа” түрік футбол клубына демеушілік жасайтыны рас па?

“Air Аsтаnа” түрік футбол клубына демеушілік жасайтыны рас па?

“Air Аsтаnа” түрік футбол клубына демеушілік жасайтыны рас па?
ашық дереккөзі
“Air Аsтаnа” түрік футбол клубына демеушілік жасайтыны рас па? Еліміздегі дардай әуе компаниясы түріктің футбол клубына демеушілік жасайтын болыпты-мыс. Бұл туралы Gooal.kz порталы сүйіншілеп мақала жариялапты. Түсінікті болу үшін айта кетсек, порталдың мәліметінше, “Air Astana” компаниясы түркиялық “Галатасарай” футбол клубына 7,5 миллион доллардан құйып отырады. Келісімшарт 5 жылға жасалған екен, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Осы туралы фейсбук парақшасында белгілі журналист Аслан Қаженов жазба жариялапты. “Енді 7,5 млн долларды ұлттық валютаға шақсақ, 3 млрд 377 млн теңгені құрайды. “Air Astana” компаниясы «Самұрық Қазына» әл-ауқат қорына қарайды. Айналып келгенде, мемлекеттің ақшасы ғой. Не тыраштану бұл? Понт па? Типа «Этихат» не «Эмирейтс» сияқты деңгейге талпыну ма? Бләәә, бірінші ішкі жағдайды оңдырып алсаңдаршы. Елде мәселе жетеді. Халық әрең күнін көріп отыр. Именно футболға ақша құйғыларың келсе, қазақстандық клубтардың жағдайын қараңдар. Балалар мен жасөспірімдер футболының жағдайын қараңдар. Аянышты ғой. Сөйте тұра, тонау Түркиядағы командаға ақша шашқандарың, не сасқандарың?!”-деп жазды журналист Аслан Қаженов. Мәселенің анық-қанығына анықтау үшін журналистке хабарластық. “Air Аsтаnа” компаниясының аты түрік футбол клубтарымен бірге жүреді. Бұған дейін де осындай мақала 28 сәуірде Vesti.kz жариялаған екен. Онда “Бесіктас” футбол клубына демеушілік жасауға “Air Аsтаna” ұсыныс тастаған делінген. Әзірге ресми мәлімет жоқ. Егер рас болса, біздің елімізге әлеуметтік мәселер жеткілікті. Футболға демеушілік жасап, жарнама жасағысы келсе, өзімізде де футбол бар. Жасөспірімдер футболы бар. Оралда үлкен дау болып жатыр. “Ақжайық” футбол клубының шәкірттері тегін бару мүмкіндігінен айырылып жатыр. Мен бір ғана мысалды айтып отырмын. Одан бөлек қаншама аймақтарда әртүрлі мәселелер жетіп жатыр. Ақшалары асып-тасып жатса, өз елімізде демеушілік жасайтын нұсқалар жетеді”,-деп жауап берді. Біз өз кезегімізде “Air Аsтаnа” компаниясына ресми сұрау хат жібердік, енді жауабын күтеміз. Фото: Риа Новости Спорт