Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Астана қаласында өткен брифинг барысында кәсіпкерлерге ашықпын, оларды қолдауға әзірмін деп журналист сұрағына жауап берді. Бұл туралы newsroom.kz порталы жазды.
Түркістан облысы кәсіпкерлерге көп қысым жасалатын өңірдің бірі, бұл бағытта қандай жұмыс атқарасыз деген БАҚ өкілінің сауалына Д.Сатыбалды кәсіпті қолдауға әзір екенін, қажет болса жер бөліп, мемлекет тарапынан қолдау көрсетеміз деді.
Айта кететін жайт, бұл сұрақ Кентаудағы трансформатор зауытына және оның құрылтайшыларына қатысты және кезінде Шымкент, Түркістан қаласын басқарған саяси мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен өтіп жатқан сотқа байланысты қойылған еді.