ҚР ЕДБ депозиттері 1 мамырда 31 трлн теңгені құрады. Бұд бір ай бұрынғыдан 1% немесе 323,9 млрд теңгеге аз. Үздік ондыққа кіретін депозит қабылдайтын банктердің ішінде тек 3 ЕДБ көрсеткіштерін көбейтті, деп хабарлайды
newsroom.kz.
Ірі банктер арасында абсолютті көшбасшы — Bereke Bank: бір айда 3,1% (немесе 32 млрд теңгеге) өсіп, 1,1 трлн теңгеге жетті. Бір қызығы, жыл сайынғы динамика бойынша да банк көшбасшы: бірден 2,8 есе. Іс жүзінде банк бұрынғы бас компаниядан (ресейлік Сбербанк) қалған мәселелерді еңсеріп, биыл тұрақты өсім жолына түсті.
Еске салайық: Ресейдің Сбербанкіне Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты 2022 жылдың сәуірінде санкция салынған болатын. Нәтижесінде Сбербанктің қазақстандық еншілес ұйымы да санкцияға ұшырады. Былтыр тамыз айында еншілес банктің барлық акцияларын «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингіне сату туралы келісімге қол қойылғаны
хабарланған болатын. Былтыр қыркүйек айынан бастап банк 100% қазақстандық
болды. Сол айда банк қайта тіркеуден өтіп, Bereke Bank деп
аталды. Биыл Bereke Bank санкциялардан толық
босатылды және барлық сегменттер — депозит бойынша да (
1,
2) және несие бойынша да (
1,
2) елеулі белсенділік танытты. Банк сондай-ақ депозиттер сегментіндегі триллионер банктер қатарына қосылды.
Екінші орында Kaspi Bank: 0,8% көбейіп, 4,4 трлн теңгеге жетті. Бір жыл ішінде банк өзінің депозиттік портфелін 49,1% ұлғайтты.
Үздік үштікті Еуразиялық Банк жабады: 0,7% көбейіп, 1,9 трлн теңгеге жеткен. Бір жыл ішінде банк портфелі 78,7% өсті.
Ескерту: осы үштіктен басқа, алғашқы ондыққа кіретін барлық банктер биыл сәуір айының қорытындысы бойынша депозит көлемін төмендетіп алды. Жалпы, сектор бойынша ҚР 21 ЕДБ-нің 12-сі теріс динамика көрсетті, оның ішінде алғашқы ондыққа кіретін 7 банк бар.
Төмендеудің негізгі себебі бизнес депозиттерінің сегменті, ол бір айда 2,8% азайды (13,8 трлн теңгеге дейін), ал жеке тұлғалардың депозиттері, керісінше, 0,5% (17,2 трлн теңгеге дейін) өсті. Осылайша, ҚР ЕДБ жиынтық депозиттік портфелінде халықтың депозиттері бір ай бұрынғы 54,7%, жыл басындағы 53,6%, бір жыл бұрынғы 51,4%, бес жыл бұрынғы 49,8%, он жыл бұрынғы 38,2%-дың орнына қазір рекордтық 55,6% болып отыр.