Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
9 маусым, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Теңге неге әлсіз?

Теңге неге әлсіз?

Теңге неге әлсіз?
ашық дереккөзі
  Әлемдегі геосаяси жағдайлардың салдары Ұлттық валютаға да кері әсерін тигізді. Соңғы 10 жылды алып қарасақ, теңге бағамы анда-санда нығайғанымен, ауқымды мәнде тек құлдырап барады. Экономикамыз шикізатқа тәуелді болса да, мұнай қымбаттаған күнде де теңге нығаймайды. Әр елдегі валюталардың құны қалай белгіленеді және оны күшейтудің жолы қандай? Бұл сауалға экономист Талғат Демесінов «Сұрауы бар» ютуб арнасына берген сұхбатында жауап берді, деп хабарлайды newsroom.kz. Сарапшының айтуынша ақша теорсиясы ғылымы бойынша валюта екі затпен ғана қамтамасыз етіледі. Біріншісі – алтын валюта қоры. Бірақ онымен қазір әлемнің бірде бір елі ұлттық ақшасын қамтамасыз ете алмайтын көрінеді. Бірақ ол стандарттан әлемнің алпауыт елдері 20-ғасырдың басында, бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін бас тартқан. Себебі, алтынның табиғаттағы қоры шектеулі. Мысалы бір елде алтынның табиғи қоры бітсе, ол ел ақшаны басып шығара алмаушы еді. Ең соңғылардың бірі болып АҚШ бас тартты. 1969 жылы Құрама Штаттардың президенті Ричард Никсон долларды алтынға тәуелді етпеу туралы заң шығарды. 1971 жылдың 1 қаңтарынан бастап доллар ешбір бағалы металлмен қамтамасыз етілмейді. Екінші жолы – тауар өндірісі. Оның ішінде ұлттық тауар өндірісі. «Кез-келген елде сол елдің валютасы көбею үшін өндіріс көлемі ұлғайып отыру керек. Ауыл шаруашылық өнімдері, киім-кешек, тұрмыстық техника т.б. Сол кезде теңгенің пәрмені болады. Ол нақты өндірілген тауардың мөлшерімен қамтамасыз етіледі»,-дейді экономист. Айтуынша, әр сала бойынша 100 пайыздық отандық өндірісті дамытпай теңге бағамын нығайту мүмкін емес. Сұхбаттың толық нұсқасы сілтемеде https://www.youtube.com/watch?v=wC2fM84a5D0