Біз ең алдымен волонтер кім және қандай қызмет атқаратынын білгеніміз дұрыс. Волонер-бұл өзара көмек пен дербес көмектің дәстүрлі түрлерін, барша жұртшылықтың игілігі үшін ақшалай сыйақыны есептеусіз, ерікті жүзеге асырылатын қызметтерді ресми көрсету және азаматтық қатысудың басқа да түрлерін қоса алғандағы кең ауқымды қызмет, деп хабарлайды newsroom.kz.
Осылайша, волонтерлік – бұл басқалардың игілігі үшін төленбейтін саналы, ерікті қызмет. Басқалардың игілігі үшін саналы да риясыз еңбек еткен кез келген адам волонтер болып аталады.
Волонтерлік еңбекақыны көздемейді, бірақ көптеген артықшылықтар береді: адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына, тәжірибе мен жаңа машықтарға үйренуіне, өзін қызметтің түрлі салаларында байқап көру мүмкіндігін береді.
Астанадағы белсенді волонтерлік қозғалыс ресми VII Қысқы Азия ойындарынан басталды. Бүгінгі таңда Астанада волонтерлік мәдениетті қалыптастыру және қолдау мақсатында 2010 жылы құрылған Ұлттық Волонтерлік Желі бар. Үш жыл ішінде ҰВЖ волонтерлерді оқыту бойынша көп жұмыс атқарды. 2010 жылы ЭСКАТО елдері конференциясының волонтерлері үшін тренингтер өткізілді, 2011 жылы году Ұлттық Волонтерлік Желі 200-ден астам волонтер-лидерлерді VII Қысқы Азия ойындарына оқытты. Сондай-ақ ЕҚЫҰ форумы үшін еріктілерді даярлады, 2012 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясына, Астана қаласында өткен 2019 World PARA Powerlifting Championships және басқа да көптеген іс-шараларға волонтерлер үшін іріктеу және тренингтер ұйымдастырылды. Бұдан басқа, тұрақты түрде Волонтерлер мектебі өткізіледі.
Ұйымдастырушылық волонтерліктен басқа әлеуметтік те бар. "Best For Kids" қоғамдық қоры балалар үйіндегі балаларды әлеуметтендіру үшін құрылған. Қор волонтерлері Астана қаласынан 120-140 шақырым жерде орналасқан Ақкөл және Жолымбет екі балалар үйіне мастер-класстар, тренингтер, спорт және мәдени іс-шаралар өткізеді. Волонтер болу үшін көмектесуге және қоғам игілігі үшін жақсы істер атқаруға ниет болса жеткілікті. Елімізде 2020 жыл Қазақстан Республикасында еріктілік жылы болып жарияланды.
Жалпы Астанада еріктілер қозғалысы белсенді дамып келеді. Осы мақсатта мұқтаж жандарға көмек көрсеткісі келетіндер үшін елордада «Еріктілер мектебі» ұйымдастырылды. Оның жұмысы туралы онлайн-брифингте қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтыны сілтеме жасаған newsroom.kz порталы.
«Астана жастары» жастар ресурстық орталығында 2014 жылдан бастап волонтерлік қызметті дамытумен және оны жастар арасында ілгерілетумен айналысатын арнайы бөлім жұмыс істейді.
«Жаңа адам қабылданбас бұрын алдымен «Еріктілер мектебінен» өтеді. Бұл балаларға волонтерлік қызметтің кез келген түріне дайын болуға мүмкіндік береді. Бағдарлама ел тарихын зерттеу, алғашқы көмек көрсету, әртүрлі елдердің менталитетін зерттеу, даулы мәселелерді шешу ісін қамтиды. Көпшілік білетіндей, еріктілер пандемия кезінде үлкен жұмыс атқарды және әлі де лайықты орындап келеді: экологиялық, әлеуметтік, медициналық, оқиға және төтенше жағдайлар саласында көмек көрсету. Сондай-ақ халықаралық, республикалық, қалалық концерттер мен іс-шараларға қатысады», — деді Қайрат Қамбаров.
Еріктілер полициямен, ТЖМ және статистика департаментімен бірлесіп рейдтер жүргізді, олардың аясында тұрғындарға жылу беру маусымындағы қауіпсіздік шаралары, көктемгі су тасқыны кезінде, шомылу маусымы кезінде ережелер, коронавирус инфекциясы кезеңінде қоғамдық орындарда өзін өзі қорғау шаралары туралы айтып берді. Олар сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткендерді іздестіру бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді, сондай-ақ тыйым салынған заттарды сату бойынша хабарландыруларды өшіруге қатысты.
«Үш жыл қатарынан басқарма «Волонтерлік бастамаларды қолдау үшін шағын гранттар» жобасын іске асыруда. 2022 жылы 98 қатысушының ішінен 20 жеңімпаз анықталып, 350 мың теңге көлемінде шағын гранттармен марапатталды. Көптеген тақырыпқа арналған іс-шаралар өткізілді. Олардың қатарында курстар, турнирлер, керамика бойынша шеберлік сыныптары, құммен сурет салу бар. Грант алушылар Балалар үйлерін, Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қамтиды. Жоба биыл да іске асырылатын болады. 2022 жылдың соңында әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан еріктілер мен еріктілер топтарын, ұйымдарын ынталандыруға бағытталған “Volunteer fest өтті», – деп қосты спикер.
Жақында Наурыз мерекесіне орай бір айға созылатын «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы басталды. Іс-шара аясында халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобына көмек көрсетіледі, көпбалалы отбасылардың, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың, зейнеткерлердің хаттарында жазған өтініштері мен тілектері орындалады. Мемлекет басшысы хатты бірінші болып оқып, тілегін орындады. Бұл ретте Президент осы игі істі бастаған жастарға алғысын білдірді.