Отандық танымал әнші Гүлнұр Оразымбетова “Көкке өрле” әнін жанды дауыста шырқап, көрерменнің сынына ұшырады, деп хабарлайды
newsroom.kz.
Осы бойынша KazFase.kz сайтының бас редакторы Гулбану Әбенова фейсбук парақшасында өз пікірін жариялады.
“Бұл көккеөрле өрле-өрле бізді Надан деп атайды, мысалы, сіз өнерде не түсінесіз, Филипп те фанера астында ән айтады, тамағын ауыртпайды.
Жорабаева болса оны әр түрлі сыйлықтардың лауреаты ретінде ақтайды. Ол қалай жеңіп алды деген сұрақ туады? Фанера астында ән шырқады, сол кездегі әкім әуесқой дыбыс инженері мен конкурсты ұйымдастырушыларға ақша төледі ме? Ал егер супер дауыс болса, қазір ол жоқ. Сол фанерамен тойда ақша істеп жүрген шығар? Сізді әкімнің немесе депутаттың әйелі ретінде барлық шенеуніктер тойға шақырған шығар?!
Жорабаеваның фонограммасыз ән айтуға шамасы жете ме?” деп жащба жариялады.
Барлығы түсінікті болуы үшін әңгімені әріден бастасақ.
Шахматтан әйелдер арасында өткен чемпионаттың жабылу рәсімінде ән шашу сыйлаған танымал әнші Гүлнұр Оразымбетова өз даусымен ән шырқап, елден оңбай сөз естіді. Әлеуметтік желіде тараған видеода әншінің әнді әрең айтып шыққаны белгілі болды. Кейіннен әнші өзінің парақшасында “Негізінде былай болған еді” деп жазба қалдырып, видеосын жүктеді. Алайда сол видеоға пікір білдіруші әнші Нұрболат Абдуллин елдің ашуын тудырды. Ол өзінің сторизінде былай деп жазба қалдырды:
“Филип екеш Фекеңде де болған кезінде. Әртіс болғасын, тамағың ауырады, шаршайсың. Кейде концерттерде толыққанды нөмерді алып шығу үшін де фонограмманың қажеті болады.
Музыкада бірге қайнап, оның нюанстарын білмейтін тек парақшасының статистикасын ойлайтын надандарға еріп, өз өнерпаздарының өзегін өртеуді қою керек. Гүлеке “аққа құдай жақ. Көңіліңізге алмаңыз. Алла сабыр берсін!”-деп жазды. Ол пікірі әріптесі Оразымбетоваға ұнаған болуы керек, өз парақшасына жүктепті.
Оқырмандардың пікірі екіге бөлінген. Кейбірі әншінің дауысы жоқтығын айтса, кейбіреулері сүйікті әншілерін ақтап алғысы келетінін жарыса жазыпты.
Видеосы