Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 100-ге жуық жылқыны құтқарды, деп newsroom.kz хабарлайды El.kzақпарат агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 сәуірде құтқарушыларға Бастау ауданы маңындағы Есіл өзенінде су басқан шалғындарда жылқылардың жайылып жүріп, кейін өздігінен шыға алмай қалғандығы туралы хабар келіп түсті.
Оқиға орнына келген бойда ауа-райының нашарлауына байланысты, атап айтқанда, қарлы боранның салдарынан бақташылар жылқыларын жоғалтып алғандығы белгілі болды.
Оқиға орнына жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп дереу құтқарушылар мен техника жіберілді.
Құтқарушылар мұздың арасынан қайықпен жол ашып, жылқыларды қауіпсіз жерге айдап апарған, осылайша 100-ге жуық жылқыны қатып қалудан және суға батып кетуден аман алып қалған.
Басында жануарлар көмекке келген құтқарушылардан үрейленіп қаша бастаған, кейінірек мұздан ойылған жолмен жүріп құрғақ жерге шығарылды.