Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
13 сәуір, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Заманбек Нұрқаділовтің жесірі: «Аты ақталса екен»

Заманбек Нұрқаділовтің жесірі: "Аты ақталса екен"

Заманбек Нұрқаділовтің жесірі: «Аты ақталса екен»
ашық дереккөзі
  Бұған дейін Заманбек Нұрқаділовтың алғаш рет сұхбат бергенін жазған болатынбыз. Ол марқұмның өмірі, қызметі туралы сыр шертіп, "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында айтқан еді, деп хабарлайды newsroom.kz. "Зәкең халықтың адамы еді. Қазақ ұлты үшін аянбай қызмет етті. Алматының жартысын сол кісі тұрғызды деп айта аламын. Бүгінде ол кісіге бір көшенің де есімі берілмеген. Оның кісі қолынан қаза тапқанын да білеміз. Саясаттың құрбаны болды ма, білмедім. Бірақ балам Қайрат "әкемді қорғай алмадым" деп жылады. Тірі кезінде Қайрат көп араласып тұрды. Ол өзін-өзі атты дегенге сенбеймін. Біреу қызметі бойынша тапсырма берді ме, бір жерде артық бірдеңе айтты ма, ол жағы беймәлім. Не болса да, атып өлтірілді. Мен ол адамдарды қарғамаймын да. Мүмкін олар мүлде жоқ шығар. Оларды мен қарғамай-ақ жер басып жүре алмайды деп ойлаймын. Өзін өзі жазалап жүрген шығар. Тірі болуы мүмкін емес. Біз оларды ұстап жазала деп отырған жоқпыз. Тек Зәкеңді ақта, ол өзін-өзі атқан жоқ. Халық оны біліп отыр. Әркім өз жазасын өзі тартады"-деді Нұрбике апай. Сонымен қатар сұхбат барысында Нұрқаділов тегінің де ұл-қызына кері әсерін тигізіп жатқанын да айтып өтті. "Балдары әкесі үшін жауап беріп келеді. Қайрат әкесі өлгенде жоқтай да алмады. Себебі жалғыз. Оның үстіне өз өміріне қауіп төніп тұрды. Бұны да өлтіріп кету мүмкін еді. "Сөйлеме", "үндеме"деп уақыт өтті. Балам бәрібір 17 жылдан кейін шындық сұрап сөйледі. Құралайға да зияны тиді. Он саусағынан өнер тамған, бүкіл Олимпиадалардың костюмдерін, әскерлердің формаларын тігетін. Бірақ Құралайды ешқайда шақырмайды. Сонда балаларым фамилиялары үшін жауап беруде. Біреудің ала жібін аттамаған балалар. Сол әкесінің тегі үшін әлі жауап беріп келеді",-дейді Нұрбике Нұрқаділова.